Шаблоны для сайтов в системе uCoz
Главная » Файлы » Қазақша әндер » 2012 Жыл

Мақсат Базарбаев - Сен сүйген ару (2012)
28.06.2012, 18:41

Категория: 2012 Жыл | Добавил: kosaman | Теги: Мақсат Базарбаев - Сен сүйген ару (
Просмотров: 7218 | Загрузок: 2339 | Комментарии: 14 | Рейтинг: 2.3/13
Всего комментариев: 121 2 »
12 серікбай маханұлы ақын - сазгер  
0
АУЫЛ АРУЛАРЫ .
Баяулата Сөзі , әні .
Серікбай Маханұлынікі .

Ауыл түні жұлдыздарын шашқандай ,
Неткен ғажап қыз – келіншек мақпалдай .
Көрген жандар таңырқайды тамсанып
Қызғалдақтар ағып келе жатқандай .

Қайырмасы :
Көктем күні , қыз – келіншек ауылдың ,
Құтты болсын , нұрға толған Наурызың .
Сұлулықта табылады бәріңнен
Мінезінен аулақ болсаң дауылдың !

Таң нұрынан қызыл шәлі жамылып ,
Жарық Айдан сәукелесін тағынып .
Ару қыздар күлімдейді қол бұлғап
Махаббатын ақ қайыңнан сағынып .

Қайырмасы :
Қабағынан жүрек сырын аңғарар ,
Бұл қазақтың әйеліне таңғалар .
Келбетімен ерлеріне нұр құйған
Асыл жандар сағынышты ән салар .

Қайырмасы :

11 серікбай маханұлы ақын - сазгер  
0
ЖАН ҰЯ БАҚЫТЫ .
Сөзі , әні .
Көтеріңкі , жігермен . Серікбай Маханұлыныкі .

Ана жан көктем күннің шаттығысың ,
Гүл сезім жүрегімнің бақытысың .
Ежелгі жан ұяның бастауларын
Өмірге жалғастырған уақытысың .

Қайырмасы :
Баланың , дананың тілегі ,
Ана деп соғады жүрегі .
Жан ұя бақытын орнатқан
Өшпейтін өмірдің тірегі
Бір өзің Анажан , анажан .

Бейнеңнен Күн көзіндей нәр аламын ,
Күн санап өскен сайын зер саламын .
Бетіңе түскен әжім еңбегіңнен
Мен қалай ақ сүтіңнен ақталамын .

Қайырмасы :
Жайнаған кең даладан гүл жинадым ,
Асылын табалмадым шын қиналдым .
Іздедім бұл әлемнің нұр жарығын
Сондықтан теңеу етіп ән силадым .

Қайырмасы :

10 серікбай маханұлы ақын - сазгер  
0
АҚҚУЫМ .

Сөзі , әні .
Көңілді Серікбай Маханұлынікі .

Көк жүзіне көлбеп ұшқан Аққуым ,
Аппақ мүсін өзім сүйген Аруым .
Сырласайық айдыныңа кеп қоншы
Өмірімде армандаған Алтыным .

Қайырмасы :
Желбіреген қанатың ,
Ақ қауырсын болатын .
Келді кезің Аққуым
Айдыныңа қонатын
Аруым боп Алтыным
Әнім болдың салатын .

Жылы лепте самал соқты маужырап ,
Айнадайын айдын жатыр жарқырап .
Айналайын көктен күткен Аққуым
Алтыным боп Аруым бол – бал сұрап .

Қайырмасы :

Көк теңізге қанат қақтың малынып ,
Келіп тұрмын жағалауға сағынып .
Аққу аппақ Алтынымсың – Аруым
Қала көрме бағытыңнан жаңылып .

Қайырмасы :

9 серікбай маханұлы ақын - сазгер  
0
Сені Ойладым
Тебірене Сөзі: Т.Айбергенов.
Әні: С. Маханұлы.

Мен сені, жаным, сезімді,
Ой толғанда ойладым.
Айтайын деген сөзімді,
Айта аламағанда ойладым.

Қайырмасы:
Жан сырын жанар түбіне,
Қымтап қалғанда ойладым.
Сыйлауға туған күніңе,
Гүл таппағанда ойладым.

Қанатын ару залдарда,
Вальс қаққанда ойладым.
Кемелер тартып таңды алға,
Алысқа аққанда ойладым.
Қайырмасы:
Ойладым сені кезде мен,
Ормандар нөсер тілеген.
Дүниеге ғашық көзбенен
Көгілдір аспан түнеген.
Қайырмасы:

8 КОРКЕМ  
1
Мақсат Базарбаевтын орындауындағы "Сен сүйген ару" әні өте керемет. Сөзі тіпті тамаша. Аталмыш ән Мақсат ағаның ән таңдаудағы талғамының биіктігін көрсетіп тұр. Аға сізге шығармашылық табыстар тілейміз. Әжелерімізге "МузАрттан" кеткен бала көрінбей кетті дегізбей, жан жылытар әдемі әндеріңізбен алашты сусындатып жүре беріңіз. Басыңыз аман болсын!!!
Ответ: МхМ

7 Қуандық Сенім  
0
Mен сүйіп тыңдайтын әндердің бірі

6 Сенім  
0
тамаша!

5 nurbolat amirov  
0
соз жок макене сен суиген ару олени тамаша клипи кандаи сонын ишиндеги машинасы кандаи A 077 MMM тура меникин деи базар жок енди шымкент жака кеп кетсе зор болар еди

4 nurbolat amirov  
0
максат базарбаевка соз жок асиресе сен суиген ару олени клипиндеги машинасы кандаи тура мени кин деи базар жок енди шымкенттт жак кеп кетсе оданда жаксы болар ед

3 Дауыл  
0
Мақсат Базарбаев - Сен сүйген ару керемет магналы

1-10 11-11
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]