Шаблоны для сайтов в системе uCoz
Главная » Файлы » Қазақша әндер » 2013

Жігіттер кв - Келсеңші күнім (2012)
31.01.2013, 10:06
Категория: 2013 | Добавил: kosaman | Теги: Келсеңші күнім (2012), Жігіттер кв
Просмотров: 4286 | Загрузок: 983 | Комментарии: 22 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 221 2 3 »
22 серікбай маханұлы  
0
КӨКТЕМДІ АҢСАУ .
Мерзімі біткен қыс еді ,
Елжіреп қарап көктемге Таранып шашын қыз тұрды ,
Ұмсынып назбен өткенге .

Сағыныш сазын шуақтап , Қарайды оған ертелеп . Аққулар ұшты тұрақтап ,
Көктемін күтіп еркелеп .

Шығатын ғажап өмір гүл ,
Жайқалып сәнін бергенде .
Сәулесін төгіп күн бүгін ,
Толассыз қарлар біткенде .

Құлпырды қырлар өзгеше ,
Көгілдір аспан сыр шертіп .
Тербейді әнмен ерекше ,
Қуаныш алда тұр күтіп .

Талдардың басын баурайды ,
Жас үміт жалғап арманын .
Малынған желмен зулайды ,
Сеземін көктем болғанын .
02. 02 . 2014 ж
ӨЛЕҢ ДЕГЕН ҚҰДЫРЕТ .
Өлең деген бір құдырет барлығын ,
Түгендейді сезімдердің жарлығын .
Күндерімнің босқа кеткен уақытын ,
Сезбеппін ғой дүниенің тарлығын .

Қатем болса жастық шақта кешіргін ,
Бар шындықты айталмасам өшіргін .
Өмірімнің өткелдерін жазуга ,
Көңіл күйді толғаныспен өсіргін .

Қуанышқа тағдырымды кенелтіп ,
Аялағанда түндерімді кеңейтіп .
Мұздағанда қиындықпен жүрегім ,
Саялаймын ақ қағазбен желпініп .

.Мұң – қайғыны өрнектеймін өлеңмен ,
Қасыретін барлық кезде көрем мен .
Біреулердің пысықтығын көргенде ,
Кімге керек тағдырымды көрмей мен .

Өлеңменен мансаптыққа жүгінем ,
Әйтеуір бір жаңа жырға кенелем . Жетелейді алыстағы арманға ,
Шабытымнан тек әйтеуір өтінем .

21 никнейм  
0
ЖАН ҰЯ БАҚЫТЫ .
Сөзі , әні .
Көтеріңкі , жігермен . Серікбай Маханұлыныкі .

Ана жан көктем күннің шаттығысың ,
Гүл сезім жүрегімнің бақытысың .
Ежелгі жан ұяның бастауларын
Өмірге жалғастырған уақытысың .

Қайырмасы :
Баланың , дананың тілегі ,
Ана деп соғады жүрегі .
Жан ұя бақытын орнатқан
Өшпейтін өмірдің тірегі
Бір өзің Анажан , анажан .

Бейнеңнен Күн көзіндей нәр аламын ,
Күн санап өскен сайын зер саламын .
Бетіңе түскен әжім еңбегіңнен
Мен қалай ақ сүтіңнен ақталамын .

Қайырмасы :
Жайнаған кең даладан гүл жинадым ,
Асылын табалмадым шын қиналдым .
Іздедім бұл әлемнің нұр жарығын
Сондықтан теңеу етіп ән силадым .

Қайырмасы :

19 никнейм  
0
ШЫМКЕНТІМ
Көңілді салтанатпен . Сөзі мен Әні :
Серікбай Маханұлынікі .
Күн сәулесі өн бойынан шашырап ,
Түрленгенде гүл жайнайды атырап .
Көкке өрлеп бой түзеген Шымкентім,
Даңқың жатыр бар әлемге жарқырап .

Қайырмасы:
Алыптардың мекенісің Шымкентім ,
Сұлулыққа шырайланды жер бетің .
Қошқар атаң бір өзіне сән беріп ,
Арай таңда сая бақты тербедің .

Сағынамын шипа болған ем суын ,
Саған арнап жүрегімнің жылуын .
Талай жанға қуат берген Шымкентім,
Іздеп келем қара көзді сұлуын .
Қайырмасы :
Батыр қала ғажайыпсың ертегі ,
"Шым қала"- деп атамаған ел тегі .
Өмірімнің белгісіндей Шымкентім ,
Сенде туды талай ердің еңбегі.
Қайырмасы:
ТЕМІРЛАНЫМ
Асықпай сезіммен. Сөзі мен Әні .
Серікбай Маханұлынікі .
Саяңда еркелеткен Темірланым ,
Арнадым сағыныштың мөлдір әнін .
Арысың арайланып көрік берер ,
Жағалай өсіп тұрған өрім талың .

Қайырмасы :
Сан ғасыр ақындарың жырлаған ,
Гүл бақшаңда жыл құстарың сайраған .
Ежелгі қазағымның дәстүрін ,
Жалғастырды ұл - қыздарың жайнаған .
Мен саған ән арнадым аңсаған ,
Шын жүректен қасиетті Темірлан .

Қайырмасы :
Әлемге әйгілісің Темірланым ,
Өнерін тебірентті небір дарын .
Рухыңа бас иемін Әмір - Темір ,
Қалдырдың ізгілікке мұра жайын .
Қайырмасы :
Елімде шырайлысың Темірланым ,
Нәр алған күн көзінен топырағың .
Таусылмас неткен байлық толып жатқан ,
Тербетіп махаббаттың шырын балын .
Қайырмасы :

18 никнейм  
0
СЫР СҰЛУЫН АҢСАУ
Тебіреністі сезіммен Сөзі , Әні .
Серікбай Махарұлынікі
Сыр сұлуы өңіріңнен айналдым,
Саған арнап сағыныштан ән салдым.
Көк арайлы көк өрісті жағаңнан
Тіршілікте гүлің болып жайқалдым .
Қайырмасы:
Шарықтағанда сол бір ән,
Күмбірлейсің домбырам.
Сыр сұлуы,
Жер жылуы.
Келбетіңнен
Тербетілген
Толқыныңмен толқышы,
Қалықтасын жыл құсы.
Шәмші көрген толқындаған өзенім,
Аңғарыңнан су аңсайды өз елім.
Ақ шағала шарықтаса әуелеп
Сырлы сазбен туындайды әуенім.
Қайырмасы:
Күн сәулесін шашыратып айдыннан,
Толқыта көр нәр суыңды қайтадан.
Сыр сұлуы ақ күрішің шөлдеп тұр
Ұл мен қызың шарықтатып айтсын ән!
Қайырмасы :

17 Серікбай Маханұлы ақын  
0
ТЕМІРЛАНЫМ
Асықпай сезіммен. Сөзі мен Әні .
Серікбай Маханұлынікі .
Саяңда еркелеткен Темірланым ,
Арнадым сағыныштың мөлдір әнін .
Арысың арайланып көрік берер ,
Жағалай өсіп тұрған өрім талың .

Қайырмасы :
Сан ғасыр ақындарың жырлаған ,
Гүл бақшаңда жыл құстарың сайраған .
Ежелгі қазағымның дәстүрін ,
Жалғастырды ұл - қыздарың жайнаған .
Мен саған ән арнадым аңсаған ,
Шын жүректен қасиетті Темірлан .

Қайырмасы :
Әлемге әйгілісің Темірланым ,
Өнерін тебірентті небір дарын .
Рухыңа бас иемін Әмір - Темір ,
Қалдырдың ізгілікке мұра жайын .

Қайырмасы :
Елімде шырайлысың Темірланым ,
Нәр алған күн көзінен топырағың .
Таусылмас неткен байлық толып жатқан ,
Тербетіп махаббаттың шырын балын .

Қайырмасы :

16 серікбай Маханұлы  
0
ДҮНГЕН ҚЫЗЫ .
Жоғары екпін . Сөзі , әні .
Серікбай Маханұлынікі .

Талай қыздың сұлулығын көргенбіз ,
Сырың жұмбақ еркелеген Дүнген қыз .
Жаратылған нәзік сезім мөлдір көз
Тарбағатай тау елінен келген қыз .

Қайырмасы :
Көз жанарың жарқырап ,
Магниттей боп тартқылап .
Дүнген қызы қарайсың
Атқан таңдай алаулап .
Бір қазақтың тілегін
Қабыл алғын жүрегін .

Бақыт таңын ойланамын енді мен ,
Шырқатайын шарықтатып әнді мен .
Күн көзінен гүл оранған Дүнген қыз
Бар арманым бірге болу сенімен .

Қайырмасы :
Басылмайсың көңіл шіркін сергімей ,
Іздесемде табылмайды қыз сендей .
Жерің жәннәт Тарбағатай даласы
Қалай жүргем Дүнген қызын мен білмей .

Қайырмасы :

15 серікбай Маханұлы  
0
ЖЫЛАМАСЫН АҚҚУЛАР .
Қос Аққулар ақ айдынның бетінде,
Жүзетұғын тәңертең де , кешінде .
Сылаң қағып, кейде олар жарысып
Бірі озып, бірі қалып кейінде .

Қанатымен суды есіп тынбастан,
Тұмсықтарын тірейді кеп иықтасқан.
Мойындарын созғылайды жоғары
Күн көзіне шағылысып-жұптасқан.

Көрген жандар қызығады қайран қап,
Екеуінің жүзгеніне сайрандап.
Қауырсыны үлбірейді нәп-нәзік
Сұлулықты бұлар алған-қайдан ап?

Бір есерсоқ аңшы келіп оқ атты,
Көлден Аққу бір сыңарын жоғалтты.
Судың бетін қызыл-ала қан еткен
Надандарды неге құдай жаратты.

«Гәккулейді»үнімен ну жағалап,
Қанатымен судың бетін сабалап.
Жалғыз Аққу тәңіріне жылайды
Жауыз болған адамдарын табалап.

14 серікбай маханұлы ақын - сазгер  
0
ТАБИҒАТ СЕЗІМ .
Нұрлы шуақ табиғат - сана сезім ,
Барлығы да есімде бала кезім .
Айналайын жерімнен , туған елім
Аялайын өлеңмен - тола сөзім .

Қандай ыстық туған жер топырағың ,
Қуанышқа кеудемді толтырасың .
Жастық шағым бал - шырын табиғатым
Еркелетіп суыңмен қандырасың .

Өзгеріспен заманым қандай жарқын ,
Табиғаттан талай рет алған нарқын .
Бір Алладан жаралған барлық пендем
Керек етпес өмірге жалған ақын .

Шындық жолын бастадым ақиқаттан ,
Ақын болып уағыздап шариғаттан .
Сырға толды сезімім шаттықпенен
Нәр аламын мәңгілік табиғаттан .

13 серікбай маханұлы ақын - сазгер  
0
МЕН ҚАЗАҚПЫН .
Мен қазақпын қаным таза жаралған ,
Ар жолында еркіндіктен нәр алған .
Анашымның ақ сүтінен ем қонып
Бесік жырым , ана тілмен таралған .

Жерлерім бар шексіз жатқан кең байтақ ,
Ойлап қара Ей , азамат сен байқап .
Қаратаудан көш тізбегі тізіліп
Елім – айға зарлап өткен бар аймақ .

Алашым деп , жауларынан сақтанған ,
Ел бірлігін бабаларым басқарған .
Атқа қонды , жерін қорғап ұран сап
Жігерленіп Ер намысын атқарған .

Көз жіберіп қарап көрші тарихқа ,
Өтті талай қан төгістер анық па ?
Мың бір өліп , қайта жасап тіріліп
Нар қазағым қайыспады азапқа !

Мен қазақпын , берік туған тілім бар ,
Шүкір еттім бостандықта дінім бар .
Тәуелсізбін ешкімдерге жалынбай
Иелік еткен егемендік елім бар .

Қайталаймын мен қазақпын есейген ,
Ел Ордасы Астанам бар көркейген . Алға , самға Қазақстан Әнұран –
Көкке Туым , Елтаңбамен өрлеген !

Мақтанамын Нұр Отаным мен бүгін ,
Таңғалдырып , табындырып жер жүзін .
Әділетті қорғап өткін қазағым
Бұлт шалмасын елімізде күн көзін .

12 серікбай маханұлы ақын - сазгер  
0
МАҚТАШЫ ҚЫЗ .
Сөзі , әні .
Нәзік сезіммен . Серікбай Маханұлынікі .

Таң атқанда ерке нұрмен ояндың ,
Ширақ басып ақ шәліңді орандың .
Айдын теңіз жүрек сырын тербетіп
Кешке қарай мақта теріп оралдың .

Қайырмасы :
Қос жүйекте ақ ұлпа ,
Келе жаттық қос қалқа .
Қатарластық , сырластық
Жаңа таныс болсақта .

Көз жүгірттім , тал бойыңа қарадым ,
Үлбірейді ашық – жарқын қабағың .
Жан салдырма терім жайда алдыңа
Еңбекпенен әнім болшы қарағым .

Қайырмасы :

Ерлік көрдім қыпша нәзік беліңнен ,
Махаббатты ұрламайын көзіңнен .
Кел екеуміз игі істер атқарып
Бір болайық шалқып жатқан еліммен .

Қайырмасы:

1-10 11-20 21-21
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]